«Ауылдық мектеп шамы» жобасы
Мақсаты - ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру үшін кәсіби оқыту қауымдастықтарын құру арқылы ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығын дамыту. Жобаны іске асырушылар – ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесі, TeachersLab платформасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және HertsCam халықаралық желісі. Жоба Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Бұл тәжірибе әлемнің бірқатар елдерінде мұғалімдерінің өздерінің бастамалары арқылы сәтті іске асырылуда және Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған білім беру тұжырымдамасының мақсаттарына тікелей сәйкес келеді.
Бұл жоба барысында мектептерде іріктелген фасилитаторлар мен мұғалімдердің өз кәсіби және жеке күштерін пайдалана отырып, белгілі бір мәселелерді анықтап, оларды мектепте бірге талқылап, шешу жолдарын бірге табу үшін ауылдық мектептерде мұғалімдердің кәсіби шеңберлерін құру қарастырылған.

Пилоттық жоба аясында Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарынан 11 мектеп қатысып жатыр.

Бұл жобаның басты принципі - мұғалімдердің жұмысына еркіндік беріп, әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуде лауазымға тәуелсіз ұстаз көшбасшылығын дамытуға бағытталған.

Күтілетін нәтижелер:
  • Бұл бастама қысқа мерзімде ұстаздардың кәсіби өсуін арттыруға және жергілікті жерлерде мұғалімдердің кәсіби оқу қоғамдастығын құру мүмкіндігін береді
  • Ұзақ мерзімді перспективада және жоба сәтті жүзеге асса, бастама білім сапасына оң әсер етеді
Жаңалықтар
Made on
Tilda