«Ауылдық мектеп шамы» жобасы
Мақсаты - ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру үшін кәсіби оқыту қауымдастықтарын құру арқылы ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығын дамыту. Жобаны іске асырушылар –
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесі,
TeachersLab платформасы,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және
HertsCam халықаралық желісі. Жоба Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Бұл тәжірибе әлемнің бірқатар елдерінде мұғалімдерінің өздерінің бастамалары арқылы сәтті іске асырылуда және Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған білім беру тұжырымдамасының мақсаттарына тікелей сәйкес келеді.